Жүк көлігі мен жеңіл көліктің соғысуы салдарынан 2 адам қаза тапты
Екатеринбург – Алматы тас жолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, 2 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 қыркүйек күні сағат 21:16-да Атбасар аудандық полициясының кезекші бөліміне Екатеринбург – Алматы тас жолында орналасқан Нұрлыжол кафесінің жанында, 998 шақырым жол қиылысында жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Зардап шеккендер бар. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары Атбасар қаласының 43 жастағы тұрғынының басқаруымен КамАЗ көлігінің Екатеринбург – Алматы автожолымен жүріп келе жатып, Toyota Estima көлігіне соқтығысқанын анықтады.
Апат салдарынан оқиға орнында Toyota Estima автокөлігінің 72 және 57 жастағы жолаушылары қайтыс болды. Тағы екеуі әртүрлі жарақаттармен жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.