Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетілді

Павлодар облысында көлігі бұзылып жолда қалған жүк көлігінің жүргізушісі өзіне көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 5 желтоқсанда Железин ауданының полиция бөліміне Моисеевка ауылының маңында жүк көлігінің жүргізушісі көмек сұрап жатыр деген хабарлама келіп түсті. Бұл шақыруға құрамында Руслан Жүсіпов пен Сергей Герасименко бар автопатруль экипажы жіберілді. Оқиға орнына жеткен полицейлер бір дөңгелегі жоқ “МАН” көлігін көрген. Жүргізушінің айтуынша, фура – рефрижератормен ол Шымкент қаласынан Ресей Федерациясының Новосибирск қаласына 20 тонна қызанақ апара жатқан. Жолда Моисеевка ауылының маңында көліктің доңғалағы сынып, сондай-ақ тоңазытқышы істен шыққан. Полицейлер жүк тиелген ақаулы көлікті жылы боксқа сүйреп апаруды ұйымдастырып, тоңып қалған жүргізушіге тамақ пен түнейтін жылы орын ұсынды, – деді Железин аудандық полиция бөлімінің бастығы Мансұр Болат.

Полиция қызметкерлері бұзылған көліктің жөнделгенін және жүргізушінің өз жолын әрі қарай жалғастырғанын атап өтті.

-Тәртіп сақшыларына көрсеткен қамқорлығы мен көмегі үшін үлкен рахмет айтамын. Мен Шымкенттен Ресейге 20 тонна қызанақ апара жаттым. Жолда көлік бұзылды, көшеде аяз, ал жүк көлігінде тоңазытқыш өшіп қалды. Содан қызанақ қатты аязда үсе бастады. Бірақ қалайда көкөністердің бүлінуіне жол бермеу керек болды. Көлігімді өзім жөндей алмаған соң мен бірнеше сағаттан кейін полицияға қоңырау шалып, көмек сұрадым. Жігіттер тез келді. Олар ыстық шай мен тамақ әкелді. Көлікті жөндеп жатқанда, мені үйлеріне апарды, сонда демалдым. Оларға денсаулық және қызметтеріне сәттілік тілеймін, – дейді толқыған Руслан Ахметов .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру