Жұмыс істемейтін телефонын сатып жіберген алаяқ ұсталды
Қызылордада «OLX» арқылы жарамсыз ұялы телефон сатқан алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 қарашада Қызылорда қаласының Полиция басқармасына 1993 жылы туған азаматша хабарласып, 23 қараша күні «OLX» қосымшасы арқылы бұрын қолданыста болған «Айфон-6» маркалы ұялы телефонын сатып алғанын, алайда телефонды сатқан азаматтың жарамсыз телефон сатып, алдап кеткені туралы шағымданған.
Тәртіп сақшылары өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) тергеу амалдары жүргізілуде.