Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жұмысқа барғандай болды»: Алматылық полицейлер қалта ұрысын ұстады

Алматылық полицейлер 17 қалта ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер 25 жастағы Б. есімді азаматтың 17 қалта ұрлығына қатысы барын анықтады.

– Соңғы арыз 23 мамырда келіп түсті. Әйел адам 206-бағыттағы автобуста белгісіз біреу IPhone телефонын ұрлап кеткенін хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілгеннен кейін күдікті қамауға алынды. Ол Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Полицияның мәліметінше, ер адам негізінен қарбалас уақытта ұрлық жасап жүрген, күн сайын «жұмысқа» шыққан. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Тұтқындау кезінде ол өз тамырын кеспекші болды. Жауапкершіліктен жалтару әрекеті сәтсіз аяқталды. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Барлық деректер бойынша қылмыстық істер тіркелді, олар бір өндіріске біріктірілді. Қазір күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда, –  деді Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру