Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жұмысқа кіргізіп беремін”: шымкенттікті алдап кеткен алаяқ ұсталды

Жұмысқа кіргізіп беремін деп шымкенттікті алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 12 шілдесінде Қаратау АПБ-ның “102” нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс ер адам жұмысқа кіргізіп беремін деп 600 000 теңге ақшалай қаражатын алып, қазіргі таңға дейін қайтармай жүргенін көрсеткен.

Қаратау АПБ Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, жеткізді. Ұсталған ер адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру