Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмысқа орналаспақ болған екі ақтөбелік тұрғын алаяқтың арбауына тап болды

Жұмысқа орналаспақ болған екі ақтөбелік тұрғын алаяқтың арбауына тап болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға алаяқтық фактісі туралы Ақтөбе тұрғыны хабарласты. Ол Атырау қаласы мұнай компаниясына қауіпсіздік қызметінің қызметкері лауазымына жұмысқа орналастырамын деген сылтаумен танысы 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражатты иемденгені туралы айтты. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Күдіктінің мұнай компаниясына жұмысқа орналасуға уәде беріп, тағы бір танысын алдағаны анықталды.

Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру