“Жұмысқа орналастырып беремін”: Атырауда 6 фактіге қатысы бар алаяқ ұсталды
Атырауда 6 фактіге қатысы бар алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.8 қараша күні Атырау қаласының Полиция басқармасына Бейнеу аудандық полиция бөлімінен алаяққа алданған тұрғындардың іс-құжаттары келіп түскен. Олардың барлығы Теңіз қалашығындағы ірі мекемеге жұмысқа кіргізіп беремін деп әртүрлі соммадағы ақшаны өзінің есепшотына аудартып алған Атырау қаласының 31 жастағы тұрғынына қатысты арызданған.
Атыраулық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде алаяқты ұстады. Тергеу барысында оның осындай 6 фактіге қатысы бары анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.