«Жұмысқа тұрғызамын» деп, алдап кетті
беремін деп алдап кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті үш тұрғын арызданып, алаяқтықтың құрбаны болғандарын хабарлады. Жәбірленушінің бірі мектептің кітапханасына жұмысқа орналастырып беремін деген алаяққа 800 000 теңге ақша берген. Алайда, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмыс та, ақша да жоқ. Екінші жәбірленуші болса, алаяқ оны мектепке лаборант етіп орналастырамын деп 350 000 теңге ақшасын алып, сол күйі хабарсыз кеткен.
Аталған жайттар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Белгілі болғандай, ол азамат үш қылмысқа қатысты болып шықты. Жергілікті тұрғынды Сарыағаш ауданындағы мектептердің біріне жұмысқа орналастырамын деп ақшасын алып, жасырынған. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі бір жарым миллион теңгеге жуық болды.
Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары «Алаяқтық» бабымен жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын толық тексеріп, күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.
Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни, жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. Егер, сіз алаяқтықтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.