«Жұмысқа тұрғызып беремін»: Түлкібастың тұрғыны 400 мың теңгесінен айырылды
Түркістанның полицейлері әскери салаға жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда облысымызда қылмыстың өршіген түрі ол – алаяқтық қылмысы. Сондықтанда облыс полицейлері қылмыстың алдын алу мен болдырмау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.
Атап айтсақ, Түлкібас ауданында кезекті алаяқтық жайты орын алды. Яғни Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Оның айтуынша, танысы әскери салаға жұмысқа тұрғызып беретінін айтқан. Және ол үшін жұмыс ақысына 400 мың теңге қаражат алған. Алайда жәбірленуші күдіктіден бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт СДТТБТ-ға енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Түркістан полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды анықтап полиция бөліміне жеткізді.
Орта жастағы күдікті азаматтың жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Ұсталған ер азаматтың бас шарасы қолхатта.
Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.