Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұқпалы вирустар инфекциясының алдын алу басталды

Жұқпалы вирустардың алдын алу жағдайлары талқыланды,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында медицина мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы жедел жәрдем бекетінің дәрігері А.Нурмахашев пен АПБ-нің уақытша ұстау изоляторының фельдшері М.Нурмахашева мен аудандық полицейлер қатысты.


Көпшілікке белгілі бүгінгі таңда Қытай Халық Республикасында тіркелген «коронавирус» инфекциясын жұқтырған науқастар саны көбейіп, елдің алаңдаушылығын тудыруда. Осыған байланысты вирус анықталған сәтте қандай шара қолдану мен қалай қорғану қажеттілігі, оған қоса сақтық шаралары осы бас қосуда мұқият баяндалды.
Жалпы қандай да бір жұқпалы вирустар инфекциясының алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жедел респираторлық вирустық инфекция көріністері бар адамдар анықталған жағдайда оларды уақытылы аумақтық инфекциялық ауруханаларға жолдаумен, Сарыағаш АПБ-нің ғимаратында күшейтілген желдетуді жүргізу және дезинфекциялау шараларын ұйымдастыру қажеттігі туралы да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар бас қосуда полиция қызметкерлері тарапынан жоғарыда аталған мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, дәрігерлерден толыққанды жауаптар алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру