Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізу куәлігінсіз көлік басқарған және есірткі шегуге арналған бөтелкесі бар павлодарлық ұсталды

Жүргізу куәлігінсіз көлік басқарған және есірткі шегуге арналған бөтелкесі бар павлодарлық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 25 мамырда сағат 22:00 шамасында «Тереңкөл – Михайловка» автожолының 16 шақырымында Тереңкөл ауданының полиция қызметкерлері аудан тұрғынының басқаруымен УАЗ 469 маркалы автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екендігі анықталды. Сондай-ақ бұл автокөлік тіркеу есебінде тұрмайтыны анықталды, себебі есептен шығарылған екен. Аталған бұзушылықтар бойынша полицейлер жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 2-бөлімінің 590-бабы және 2-бөлімі 612-бабы 2- бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деді Павлодар облысы Тереңкөл ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Асылбеков.

Жүргізушімен сөйлескен кезде полиция қызметкерлері жүргізушінің өзін күдікті ұстағанын байқаған, көзбен шолып қарау кезінде багаж бөлігінде есірткі заттарын шегуге арналған пластикалық бөтелкесін тапқан.

Полиция жеке тінту кезінде жүргізушінің қалтасынан сұр-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар зат салынған қағаз қапшық табылып, тәркіленді. Алынған зат сараптамаға жіберіледі, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру