Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізу куәлігінсіз және масаң күйде көлік басқарған павлодарлық ұсталды

Жүргізу куәлігінсіз және масаң күйде көлік басқарған павлодарлық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Ертіс ауданының полиция қызметкерлері алкогольдік мас күйінде болған Ертіс ауылының 48 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру барысында ер адамның көлік құралын басқару құқығы болмағаны анықталды. Бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы 6-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Ертіс аудандық сотының 2021 жылғы 25 мамырдағы қаулысымен ер адам 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бастап Ертіс ауданында жүргізуші куәлігісіз мас күйде жүргені үшін жеті жүргізуші жазаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру