Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші тағы да мас күйде рөлге отырды

Павлодар облысының тәртіп сақшылары көлікті мас күйінде басқаратын жүргізушілерді анықтау мақсатында іс-шараларды жиі өткізіп тұрады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қыркүйекте полиция батальонының қызметкерлері Баян батыр көшесін патрульдеу кезінде сағат 17.00-де мас күйдегі жүргізушіні ұстады. «Лада Гранта» маркалы көліктің жүргізушісінен спирттік ішімдіктің иісі шыққан. Жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін біле отырып, ол мас күйінде көлік тізгіндеді.

Сонымен қатар, 29 жастағы ер адамға рөлге отыруға мүлдем тыйым салынғаны белгілі болды, өйткені бұған дейін ол көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын.

Қазіргі уақытта тексерiс жүргізілуде.

Полицияның ескертуіне қарамастан, жүргізушілер мас күйде көлік басқарып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру