Жүргізуші әйелдердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды
Ақтөбе облысында әйел жүргізушілердің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
31 шілде күні сағат 21.10-да 19 жастағы қыздың "Hyundai Accent" автокөлігінің жүргізушісі Смагулов көшесімен Әкімжанов пен Асау Барақ көшесі қиылысында бас жол бойымен келе жатқан көлік құралына жол бермей, Аз-наурыз көшесі жағынан көпірмен келе жатқан 36 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "Hyundai Accent" автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан әйел жүргізуші Ақтөбе қаласы Жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургиялық бөліміне жатқызылды.
Тағы бір жағдай, 01 тамыз сағат 21.30-да "Ақтөбе-Орск" автожолының 91 шақырымында, Ащысай ауылынан 20 шақырым жерде 37 жастағы әйелдің басқаруындағы "Субару-Импреза" автокөлігі Орск қаласының РФ шекарасы жағынан Ақтөбе қаласы бағытында келе жатып, қарсы қозғалыс жолына шығып, 22 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "Ваз-21014" автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші де Қарғалы аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Жүргізілген сараптама көрсеткендей, әйел жүргізуші көлік құралын алкогольдік мас күйінде басқарған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-1-бабы 1-бөлігі "ҚР ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерінен ҚР жол-қозғалыс ережесін сақтауды сұрайды. Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден басқа жол қозғалысына қатысушылар зардап шегуі мүмкін.