Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жүргізуші куәлігін алып беремін”: Оралда алаяқтық жасаған азамат ұсталды

Оралда алаяқтық жасаған азамат ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қалалық полиция басқармасы Шаған полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, өзін жүргізуші куәлігін жасап беремін деп таныстырып, қала тұрғындарын алдаған азамат ұсталды.

Ол Орал қаласының аумағында бірнеше азаматты алдап, олардың сеніміне кіріп, ақшаларын иемденген. Бүгінгі күні оның әрекетінен жапа шеккен 13 тұлға анықталды. Келтірілген жалпы шығын көлемі — 6 500 000 теңге құрайды.

Аталған азаматқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу әркеттері жүргізілуде.

Полиция азаматтарды сақ болуға және құжаттарды тек ресми жолмен рәсімдеуге шақырады. Осындай әрекеттер туралы мәліметі болса полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру