Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жүргізуші куәлігін алып беремін”: Шымкентте алаяқ тұрғынды 230 мың теңгеге алдап кетті

Шымкентте алаяқ тұрғынды 230 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 2 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби АПБ-ның “102” сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында WhatsApp мессенджері арқылы белгісіз адаммен танысып, ол жүргізуші куәлігін жасап беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 230 мың теңге ақшасын алып, осы күнге дейін берген уәдесін орындамай кеткенін жазып көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру