«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: шымкенттікті алдап соққан әйел құрықталды
Жүргізуші куәлігін алып беремін деп шымкенттікті алдап соққан әйел құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Абай ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының айтуынша, танысы ХҚКО-нан жүргізуші куәлігін аз мерзімде алып беремін деп сендірген. Алайда арада екі ай уақыт өте не жүргізушісі куәлігін, не ақшасын қайтармай ізін суытқан. Келтірілген шығын көлемі 210 мың теңгені құраған.
Аталған жайт бойынша тәжірбиелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде, полицейлер тұрғынды алдап, ақшасын иемденген әйелді қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 31 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азаматша арызданушыдан алған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.
Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінге тергеу амалдары жүргізілуде.