“Жүргізуші куәлігін алып беремін”: Түркістан облысында алаяқтық жасаған ер адам ұсталды
Түркістан облысында жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп сендірген. Содан жәбірленушіден 270 мың теңге ақша алып, не жүргізуші куәлігін алып бермей, не ақшасын қайтармай созбалыққа салып жүрген.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.
Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Ол жалған уәде беріп, тұрғыннан алған ақшаны жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.