Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігін алып бермек болған адам алдап кетті

Сайрам ауданының полицейлері жүргізуші куәлігін алуға уәде берген алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы аумағында жүргізіліп жатқан “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Сайрам АПБ полиция қызметкерлері құжаттарды рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, жәбірленушіден алаяқтық жолмен ақша алған ер адамды ұстады.

Биылғы жылдың қыркүйек айында Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне ауылдардың бірінің тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы жөнінде арыз түсіреді. Ауыл тұрғынының айтуынша, оған танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп, сеніміне кіріп 50 мың теңге ақшасын алған. Жарты жыл уақыт өткеннен кейін жәбірленуші уәде етілген құжаттарды немесе ақшаны күтпей, полициядан көмек сұрады. Ұсталған ер адам 2019 жылы алаяқтық жасағаны үшін сотты болған Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Тергеу ер адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуға және сыйақы үшін күмәнді қызмет көрсетуге уәде берген бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Тәртіп сақшылары түрлі алаяқтардың айла-амалдарына тап болмас үшін құжаттарды заңмен рәсімдеу мәселелерін шешуді ескертеді. Егер сіз алаяқтықтың болмаса басқа қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда “102” телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру