Астанада ер адам гашиш таратқаны үшін ұсталды
Астанада ер адам гашиш таратқаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары аясында есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтың жолын кесті.
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер жергілікті тұрғынды құжаттарын тексеру үшін тоқтатты. Алайда азамат қатты қобалжып, қашуға әрекеттенді. Дегенмен жедел уәкілдер оны қуып жетіп, ұстады. Жеке тінту кезінде оның сол жақ күртеше қалтасынан 50 орам есірткі заты табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесінде оның гашиш екені анықталды.
Белгілі болғандай 25 жастағы жігіт есірткі затын жасырумен айналысқан. Ол жасырын орындардың координаттарын мессенджер арқылы жіберіп, қала аумағында жұмыс істеген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды есірткіні жасыру әдісімен тарату – ауыр қылмыс екенін ескертеді. Жастардың есірткі бизнесіне тартылуы мен есірткі, психотроптық заттарды тұтыну фактілерінің алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары ата-аналардыбалаларының интернеттегі хат-хабарларына, SMS-хабарламаларына, араласатын
ортасына және әлеуметтік желідегі топтарына ерекше назар аударуға шақырады.