Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған шымкенттік тұрғын алаяққа алданып қалды

Жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған шымкенттік тұрғын алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданды. Оқиға халыққа қызмет көрсету орталығында болған.

Жүргізуші куәлігін алуға өтініш беру үшін кезек күтіп отырған жігіт, кездейсоқ бейтаныс біреумен танысқан. Ер адам оны көлік жүргізу куәлігін еш қиындықсыз аз уақыт ішінде алып бере алатынына және онда таныстары бар екеніне сендірген. Өз қызметі үшін жәбірленушіден 200 мың теңге қаражат алып, ізін суытқан.

Анықтаушылар аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде күдікті қала аумағында ұсталып, Еңбекші аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Тергеу барысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісі үшін өкінетінін жеткізді. Жәбірленуші өзіне келтірген материалдық шығынның толық өтелуіне байланысты, азаматқа кешірім берді.

Сондай-ақ қызметтік міндетін жедел әрі адал атқарғаны үшін, Еңбекші аудандық полиция басқармасының анықтаушысы Құдайқұл Абтикаевка өз ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру