Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жүргізуші куәлігін жасап беремін”: алматылықтарды алдаған ер адам ұсталды

Жүргізуші куәлігін жасап беремін деп алматылықтарды алдаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 жастағы азамат бейтаныс адамдарды көлік жүргізу куәлігін жасай алатынына сендіре отырып, олардан ақшаларын алып, жасырынған.

– Біздің бөлімшеге бірден бірнеше адам хабарласты. Олардың айтуынша, күдікті сенімдеріне кіріп, жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп уәде еткен. Әр “клиенттен” 150 мың теңге көлемінде сыйақы алған. Алайда жәбірленушілер құжаттарын да, ақшаларын да қайтарып ала алмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Күдіктінің осыған ұқсас бірнеше фактіге қатысы бар екені белгілі болды. Қазіргі уақытта тоғыз эпизод ресми түрде тіркелді.  Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – дейді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Сонымен қатар, полицейлер ұсталған азаматтың суретін мұқият қарап шығуды және оның жеке басын анықтаған жағдайда мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұрайды: 8-707-447-07-50;  8-776-888-38-83.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру