Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігінен айырылған ақтөбелік тағы да мас күйде көлік басқарған

Жүргізуші куәлігінен айырылған Ақтөбе облысының тұрғыны көлікті есірткі пайдалану күйінде басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қаңтар күні түнгі сағат 03.00-де Сәңкібай батыр даңғылында патрульдік полиция жасағы 36 жастағы әйелдің басқаруындағы «Тоyota RAV4» автокөлігін тоқтатты.

Анықталғандай, жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан бұрын айырылған болып шықты.

Сол күні Алға қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және қамтамасыз ету қызметі кезінде 30 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Ниссан-Максима» автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған, көлік құралын каннабиоидтарды қолдану салдарынан мас күйінде басқарған.
Екі дерек негізінде ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, Көлік құралдарын жүргізу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны көздейді.

Облыстық Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік мас күйінде көлік жүргізбеуін сұрайды және ЕСКЕРТЕДІ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру