Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігінен айырылған азамат рөлге мас күйінде қайта отырған

Жыл басынан бері Қызылордада көлік құралын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде көлік айдаған 73 жүргізуші анықталып, олардың 10-ы қамауға алынған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Бірақ мұндай шектеулерге қарамастан, жүргізушілер әлі де көлікті мас күйінде басқаруды жалғастыруда.

Байқоңыр қаласында Королев даңғылындағы №1 бақылау-өткізу пунктінде «Mitsubishi Galant» автокөлігі тоқтатылған. Құжаттарды тексеру кезінде 26 жастағы жүргізушінің бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны, соған қарамастан мас күйінде рөлде отырғаны анықталды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық  масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жүргізуші Байқоңыр қаласындағы ІІМ өкілдігінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру