Жүргізуші куәлігінен айырылған елордалық азамат мас күйде қайта көлік тізгіндеген
Жүргізуші куәлігінен айырылған елордалық азамат мас күйде қайта көлік тізгіндеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түскі сағат 14:00-де Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Kia Cerato автокөлігімен соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған. 40 жастағы Volkswagen Polo автокөлік жүргізушісінен құжаттарды тексеру кезінде алкогольдің өткір иісі шыққан.
Медициналық сараптама, жүргізушінің жеңіл ауырлықтағы мас екенін растады. Сондай-ақ полиция қызметкерлері 2022 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін ер адам 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын анықтады. Алайда жүргізуші өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, қайтадан мас күйінде рөлге отырған.
Қазіргі уақытта ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.