Жүргізуші куәлігінен айырылған қызылордалық тағы да көлік тізгінінде ұсталды
Жүргізуші куәлігінен айырылған қызылордалық тағы да көлік тізгінінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғасын азайту және жол қозғалысы ережелері мен заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күн сайын рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Кезекті рейд кезінде қала көшелерін аралау уақытында полиция қызметкерлері «Daewoo Nexia» маркалы автокөлікті тоқтатты.
Жүргізуші жол ережелерін бұзып, Ергешбаев көшесінің бойында жылдамдықты асырып, жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндірген. Полиция автокөлікті тоқтату барысында, жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізген және 22 жастағы азаматтың бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды.
Құқық бұзушыны ұстаған полицейлер, наркологиялық сараптамадан өтуге жіберіп, оның нәтижелері бойынша жеңіл мас болу дәрежесі анықталды. Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабының 3-бөлігіне сәйкес іс қозғады. (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады).