Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігінен айырылған сарыағаштық мас күйде көлік басқарған

Жүргізуші куәлігінен айырылған сарыағаштық мас күйде көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында күнделікті жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша тұрақты түрде іс-шараларды жүргізуде. Осындай шараға сәйкес Сарыағаш ауданы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Бекболат Жигитов өзінің аумағын тексеру барысында ішімдік ішіп, көлік басқарған жүргізушіні анықтады.

Яғни, рейд кезінде түскі сағат 13:00 шамасында жол ережесін бұзып келе жатқан Nexia көлігі тоқтатылған. Осылайша оқиға орнын тексеру кезінде полиция қызметкері жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді.

Содан соң көлік жүргізушісін медициналық сараптамадан өткізді. Қорытындысы бойынша көлік жүргізушісінің мас күйде болғаны расталды. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында аталған көлік иесі өткен жылдың тамыз айында Сарыағаш  аудандық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабына (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес көлік басқару құқығынан жеті жылға айырылғаны анықталды.

Сарыағаштық тұрғын жүргізуші куәлігінің жоқтығына қарамастан, екінші рет мас халде көлік басқарғаны үшін ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау мақсатында Сарыағаш аудандық сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру