Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізуші жауапқа тартылды

Жүргізуші куәлігінен айырылған азамат көлік тізгініне қайта отырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторлары қызмет атқару барысында облыс орталығының көшелерінің бірінде «Тойота Ланд Крузер» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Тексеру барысында 1988 жылы туған қала тұрғынының автокөлікті құжатсыз басқарғаны анықталды. Ол 2019 жылы алкогольдік ішімдік ішіп, автокөлікті мас күйде басқарғаны үшін көлік басқару құқығынан айырылған.

Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралын басқару құқығынан айырылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданған.

Қызылорда қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен оған 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру