Жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген шымкенттік жауапқа тартылды
Жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген шымкенттік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүргізушілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының санын төмендету мақсатында күнделікті жұмыс атқаруда.
Полиция қызметкерлері күмән тудырған автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында жүргізуші көлік басқару құқығынсыз жүргені белгілі болған. Жүргізушіге бұл әрекеттің заңсыз екендігі түсіндірілді.
Нәтижесінде, жүргізуші жол жүру ережесін бұзғаны үшін оған қатысты 612-бабының 2-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал автокөлік айыптұраққа жеткізіліп, қойылды.