Жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген тұрғын адам қағып кетті
Жүргізуші куәлігінсіз 43 жастағы Хромтау тұрғыны жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 маусым күні сағат 18-30-да Хромтау ауданы «Бинго» кафесінің қасында жол-көлік оқиғасы орын алды. 1977 жылы «Лада Калина» автокөлігінің жүргізушісі, Хромтау қаласының тұрғыны Әуезов көшесінің бойымен жүріп, Алипов көшесінің оң жақ бұрылысында 1974 жылы туған әйел адамды қағып кеткен.
Нәтижесінде зардап шеккен адам Хромтау ауданының орталық аудандық ауруханасына «Бассүйек мидың жабық жарақаты, бас миының шайқалуы, шаш бөлігі соғылған, оң тізе буынының жыртылған жарасы» диагнозымен жатқызылды.
Кейін анықталғандай, автокөліктің жүргізушісінде жүргізуші куәлігі болмаған.