Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Ақтөбеде жүргізуші жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz

5 қазанда сағат 17:00-де Ақтөбе қаласы Иманов көшесінде Geely Coolray автокөлігінің жүргізуші кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ақтөбе-Орынбор автожолында 36 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Geely Coolray автокөлігі тоқтатылды. Ер адам көшенің қиылысында келе жатып, бір секундқа алаңдаған уақытта жаяу жүргіншіні байқамағанын, абдырап қалып оқиға орнынан кетіп қалғанын түсіндірді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы кезінде оған қатысушы болған жүргізуші дереу тоқтауға, авариялық дабылды қосуға және авариялық тоқтату белгісін қоюға міндетті екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру