Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізушінің такси қосымшасындағы бонустарын ұрлап алған астаналық қолға түсті

Елорда полицейлері бірқатар алаяқтық жасаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға екі астаналық азамат жүгініп, оларға қатысты жасалған алаяқтық туралы хабарлаған.

Такси жүргізушілерінің айтуынша, қаскүнем қоңырау шалуға телефондарын сұрап, содан кейін танымал такси қосымшасындағы жиналған жүргізуші бонустарын өзінің банктік шотына аударып алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған 28 жастағы әйелді анықтады.

Сонымен қатар әйелдің басқа такси жүргізушісінен барсетканы ұрлағаны анықталды, оның ішінде жәбірленушінің құжаттары, сымсыз құлаққап, ақша және сағат болған.

Ұрлық пен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйел Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жалпы келтірілген шығын көлемі – 300 мың теңге.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру