Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері 12 мал ұрлығы тіркелді

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 24-28 ақпан аралығында Павлодар облысының аумағында «Мал ұрысы» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция осы кезеңде мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерге тиісті құжаттардың болуына назар аударады.
Сондай-ақ ет өнімдері сатылатын базарларда, сауда орталықтарында рейдтік іс-шаралар өтеді.
«Жеке меншік иелерімен және шаруа қожалықтарының басшыларымен ішкі істер органдарына мал жоғалған кезде уақытылы жүгіну қажеттілігі туралы алдын-алу жұмыстары жүргізілді», – деп түсіндірді полиция. Қойылатын талаптардың бірі – малды міндетті түрде айдау және таңбалау, мал жаюды ұйымдастыру.

Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына малдарын қараусыз қалдырмауға, аулалар мен қораларды құлыптар мен ұрлық дабылдарымен жабдықтауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру