Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан 450 жүргізуші мас халде көлік басқарған

Жыл басынан бері Түркістан облысында мас халде көлік тізгіндеген 450-ге жуық жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарын болдырмау және мас халде көлік тізгіндегендерді анықтап ұстау, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің белгіленген жол қауіпсіздігі ережесін сақтауын қадағалау мақсатында тұрақты түрде рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізіп келеді.

Осындай рейдтерге тәулік бойы шыққан патрульдік полиция қызметкерлері жыл басынан бері мас халде көлік басқарған 441 жүргізушіні ұстады. Заң бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы “Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру бойынша хаттамалар толтырылған. Оның ішінде 377 адам әкімшілік қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылған. Оған қоса мас күйінде көлік басқарғандар 10-нан астам жол-көлік оқиғасына себеп болған.

Айта кетейік, 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас халде көлік жүргізген жүргізушілерге байланысты талаптарды қатаңдатқан болатын. Яғни бұл заңнамада көлік жүргізуші мас халде автокөлік басқарған жағдайда оны жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке қамауға алу шарасы көзделген.

Мәселен, Түлкібас АПБ-не ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары 2020 жылдың мамыр айының 13-і күні рейдтік іс-шара жүргізіп, қызмет атқару кезінде “Volkswagen” маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішіп алғаны байқалды.

Сонымен қатар, құжаттарын тексеру кезде, жүргізуші 2017 жылдың қыркүйек айында Түлкібас аудандық сотының шешімімен үш жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Алайда жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайта ішімдік ішіп көлік басқарған. Медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші “орташа” дәрежеде мас халде болған. Жүгенсіз жүргізуші Түлкібас АПБ-не жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 346-бабы “Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру” бойынша тіркелді. Жинақталған іс-құжаттары аудандық сотқа жолданды.

Түлкібас аудандық сотының үкімімен жүргізуші ҚР ҚК-нің 346-бабымен кінәлі деп танылып, өмір бойы көлік басқару құқығынан айыра отырып, екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға әрдайым абай болу және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Тәртіп сақшылары жылдамдықты асырмауды, маневр жасау ережелерін бұзбауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды және басқа да құқық бұзушылықтады жасамауды ұсынады. Ең бастысы ішімдік ішіп көлік тізгіндемеңіз. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгеніңде өміріне қауіпті болмақ», — деп ескертеді жол сақшылары.

Жалпы, облыстың полиция қызметкерлері күнделікті күшейтілген режимде қызмет етіп, жол жүру ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуде қарқынды жұмыс жасауда. Оған қоса облысымыздағы коронавирус індетіне байланысты жарияланған карантиннің талаптарын орындауды бақылауда ұстауда. Яғни, адамдар тобының көп шоғырланбауын, түнгі уақытта себепсіз жүрмеуін, медициналық бетперде мен арақашықтықты сақтауын басты назарға алып, осы бағытта жұмысты жандандыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру