Жыл басынан бері 26 петропавлдық интернат-алаяқтардың құрығына түсіп қалған
Алаяқтардың құрығына түспеу жайлы мәселені Петропавл полицейлері банк өкілдерімен талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Интернет-алаяқтықтың жеті фактісі банктік аударымдарға байланысты болды. Өткен жылы Петропавлда алаяқтар 97 іс бойынша қалалықтардың есепшотынан ақша аударған. Интернеттегі алаяқтықтар өткен жылы көбейіп кетті, полицейлер бұған алаңдаулы. Бұл жөнінде қалалық полиция қызметкерлері мен банк мекемелері өкілдерінің кездесуі барысында талқылады.
– Бұл проблемамен бірлесе күш жұмсау арқылы ғана күресуге болады. Қабылданып жатқан шаралар әр кезде нәтиже бермейтінін фактілер көрсетіп отыр. Біздің міндетіміз – күшімізді біріктіріп, алаяқтарға қарсы тұру, – дейді Петропавл қ. ПБ бастығы Жандос Мұқатов.
Кездесуге алаяқтардың құрбаны болған әйел де қатысты. Ол банктен несие алу арқылы қаскөйге 200 мың теңге аударған. Кездесу қатысушыларына банк қызметкерімін деп таныстырып, қоңырау шалғандардың іс-әрекеті жайлы айтып берді. Жалған менеджерлердің сенімді және сауатты сөйлегенінен ол тіпті күмәнданбаған. Сонымен қатар, олар оған фамилиясын, атын, әкесінің атын айтып берген. Дәл осы жеке мәліметтерді білуі полицейді үрейлендіріп отыр.
Алаяқтарға сенуге болатын тағы бір фактор – олардан қоңырау түскен кезде банк мекемесінің CALL-орталығының нөмірі шығуы мүмкін. Банк өкілдері мұндай сипаттағы қоңыраулар алынып тасталды деп сендірді.
– Қауіпсіздік қызметі немесе басқа бөлімдердің қызметкерлері кез-келген сылтаумен, әсіресе қандай да бір код немесе шоттардың, карталардың нөмірлерін сұрап, клиенттерге қоңырау шалмайды, – деп атап өтті жиналысқа қатысушылар.
Олар қала тұрғындарын осындай қоңыраулар болған жағдайда үрейленбеуге және дереу өздерін тыныштандыру үшін банктердің CALL-орталығына қоңырау шалуға шақырды. Кездесу соңында полицейлер мен қаржы мекемелерінің өкілдері алдағы уақытта бірлескен профилактикалық жұмыстар жүргізу туралы келісті. Басты және тиімді тәсілі – тұрғындарға SMS-хабарламалардағы кодтар мен төлем карталарына қатысты басқа ақпараттарды ешкімге беруге болмайды.