Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері 600-ден астам мал басы айыппұл тұрағына қамалды

Павлодар облысында жыл басынан бері 600-ден астам мал басы айыппұл тұрағына қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта аудан аумағында тұрғындардың мал жаюға деген жауапсыз қатынасы жиілеп кетті. Еркін мал жаю мал ұрлығына жасалған тамаша жағдай, қаңғыбас жануарлар жолдардағы автокөлік жүргізушілеріне қауіп төндіреді, олардың мал жаю орындарынан өз еркімен кетуі – полиция қызметкерлерін оларды іздеуге үлкен күш жұмылдыруға мәжбүр етеді.

Тек бір апта ішінде айыппұл тұрағына 15-тен астам мал қамалды, олар қараусыз еркін жайылымдарда, ауыл ішінде де жайылып жүрген. Барлық мал иелері жауапкершілікке тартылды. Жануарлардың иелері жеңіл көліктің ірі қара малмен соқтығысуы – жануардың өлуіне немесе көліктің аударылуына әкелу мүмкіндігін тудыратынын ұмытпауы керек.

Сондықтан мал ұрлануының мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Тереңкөл ауданының аумағында полиция қызметкерлері автожолдар мен жазғы жайылымдарда рейдтер жүргізуде. Иесіз жайылып жүрген малды тәртіп сақшылары айып тұрағына қояды.

Сондықтан барлық мал иелеріне малдың қараусыз қалуына жол бермеу қажеттілігі туралы ескертеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру