Жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері 600-ден астам мас жүргізушіні анықтаған
Облыста былтырғы жылмен салыстырғанда биыл жол-көлік оқиғасының 28,2 пайызға төмендеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары мен жол сақшыларының жүйелі жұмысының нәтижесінде жақсы көрсеткішке қол жеткізілген. Биыл көлік апаттары азайып, соның салдарынан қайтыс болғандар саны да 33,2 пайызға азайды. Темір тұлпарын алкогольдік немесе есірткіге масаң күйде басқарған 621 жүргізуші ұсталып, іс материалдары сот органдарының қарауына жолданды.
Облыстың полицейлері биыл жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде 108 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған.
Сонымен қатар, жол сақшыларының көмегімен 1500 астам қылмыс ашылғаны белгілі болды, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 14,2 пайызға жақсарды.