Жыл басынан бері Ақтөбе облысында велосипед ұрлаудың 123 фактісі тіркелді
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында велосипед ұрлаудың 123 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көбінесе велосипедтер көп қабатты үйлердің кіреберістерінен ұрланады.
Көп жағдайда жасөспірімдер велосипедті көпқабатты үйлердің кіреберістерінде немесе баспалдақта қараусыз қалдырады. Ия, әрине, әр уақытта велосипедті жоғарғы қабаттарға көтеру қиын, бірақ басқа тәсілдер бар – ұрлыққа қарсы құлыптар және басқа құрылғыларды қолдану. Егер сіз велосипедті бір жерде қалдыруға мәжбүр болсаңыз, бұл қауіпсіздіктің негізгі элементі.
Мысалы, ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде сағат 17: 00-де белгісіз адам Мәртөк ауылының Байғанин көшесінде орналасқан дүкен жақта тұрған 30 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі “Stels” маркалы әйелдер велосипедін ұрлап кеткен.
Полиция қызметкерлері велосипед ұрлады деген күдікпен 55 жастағы азаматты ұстады. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ұрлықты азайту үшін велосипедті күн сайын бір жерде ұзақ уақыт қалдырмаңыз.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында велосипед ұрлаудың 123 фактісі тіркелді.
Құрметті азаматтар, Сіздің мүлкіңіздің қауіпсіздігі бірінші кезекте сіздің қолыңызда! Осы қарапайым кеңестерге құлақ асыңыз, өйткені ұрлыққа баратын адамдардың жолындағы кез – келген кедергі сіздің мүлкіңізді құтқаратын уақыт. Сақ болыңыз!