Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам хабарлама келіп түсті
Биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам сигнал келіп түсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрі мәлімдеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство басшысының айтуынша, олардың көпшілігі Шымкент, Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орын алған.
- Олардың 60%-ы бойынша полиция тиісті шара қолдана алмаған. Өйткені полиция оқиға орнына келген кезде жәбірленушілер өтініш беруден бас тартқан. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтінішсіз полицейлер "үй тирандарын" жауапқа тарта алмайды, - деді ол.
Жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық салада 668 қылмыс жасалған.