Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері СҚО полицейлері тыныштықты бұзған мың жарым адамды жауапқа тартты

Жыл басынан бері СҚО полицейлері тыныштықты бұзған мың жарым адамды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаз мезгілінде түнде тыныштықты бұзу мәселесі өзекті болады. Көптеген адам ішімдік ішкенді демалыс деп ұғынады. Түнгі қыдырулар басқалардың тиышын алады, жұмыс күнінен кейін дұрыс демалуға кедергі келтіреді. Орта есеппен түнде петропавлдық полицейлер жұмыс күндері кешкі сағат 22-ден кейін және демалыс күндері сағат 23-тен кейін тыныштық режимін бұзу туралы 6-7 қоңырауға жауап берді. Жалға берілетін пәтерлер, ойын-сауық орындары мен тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендер көбінесе проблемалық орындарға айналады. Биыл тәртіп сақшылары олардың біріне бірнеше рет барды. Шақыртулардың себебі – сауда орындарының жанында алкоголь ішу, түнгі уақытта шулау.

– Соңғы қоңыраулардың бірі «102» мобильді қосымшасы арқылы түсті, – деп нақтылады Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин. – Түнгі жанжалқойдың айқайы арызданушыға ұйқы бермеген, оған қолданылған шаралар туралы автоматты түрде хабарлама жіберілді. Көп ұзамай қоңырауға келген патруль облыс аудандарының бірінің 19 жастағы тұрғынын әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша: тыныштықты бұзғаны және қоғамдық орында масаң күйде болғаны үшін жауапқа тартқан кезде, «рақмет» деп тағы хабарлама жіберді.

Жыл басынан бері Петропавл полицейлері тыныштықты бұзу туралы 1268 хаттама толтырды. Облыста осындай 1495 факті тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру