Жыл басынан бері СҚО жолдарында 3 бала зардап шекті
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында үш бала зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Демалыс кезінде балалар көп уақытын далада өткізіп, көшеде жиі жүреді. Жүргізушілерден ерекше көңіл бөлуді сұраймыз. Ал ересектер кішкентай жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін түсіндірулері тиіс.
Демалыс қарсаңында СҚО полицейлері мектеп оқушыларымен жұмыс жүргізді. Сынып сағатының тақырыбы – жолдағы қауіпсіз болды. Өзекті мәселелер өте көп.
Мысалы, жолдағы қозғалысты реттейтін полицейдің қимылдарын – тіпті ересектердің өздері де біле білмейді. Юрий Гагарин атындағы N14 орта мектепте жергілікті полиция қызметінің инспекторы Марат Темірбеков төртінші сынып оқушыларына таяқшаның әр позициясы нені білдіретінін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Балалар сол жерде, сыныпта өздерін реттеуші рөлінде сынап көрді. Ережелерді: жолды тек бағдаршамның жасыл түсі жанғанда, жан-жаққа қарап, көз жеткізгеннен кейін ғана өту қажеттігін естерінде сақтады. Сондай-ақ, жолдан құлаққаппен және бас киімді тартып киіп алып өтпеу қажеттігін түсінді. «Зебраға» жақындағанда, машиналардың өтіп үлгеретіндігіне көз жеткізіңіз. Осы және басқа ұсыныстарды полиция тәжірибеге сүйене отыра айтты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері басқа да іс-шаралар өткізуде.
Мысалы, «Оңтүстік» бақылау-өткізу бекетінде олар жүргізушілерге профилактикалық буклеттер мен жадынамалар таратты. Басты ұсыныс – жаяу жүргіншілер өткелі жанында жылдамдықты азайту, баланы тек арнайы арбада тасымалдау.
– Жыл басынан бері облыс жолдарында үш бала зардап шекті, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов. – Статистиканың өсуіне жол бермеу үшін полиция мен педагогтардың күші жеткіліксіз. Балалардың күнделікті өмірдегі қауіпсіз жүріс-тұрыс үлгілерін көрулері маңызды. Сонымен қатар, жолдағы апат деңгейін төмендетуге бағытталған кез-келген жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жаяу жүргіншілердің ондаған және жүздеген бұзушылықтары анықталып жатады. Бұл ретте, жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің кінәсінен үш жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам қайтыс болды, екі адам жарақат алды. Біз жол қозғалысына қатысатын ересек адамдардан сұрайтынымыз: сіз балалар үшін үлгі екендіктеріңізді ұмытпаңыздар. Сіздің ережелерді қаншалықты қатаң сақтайтыныңызға, сізге қарап отырған адамдардың өмірі мен денсаулығы байланысты болуы мүмкін.