Жыл басынан Петропавлда «ақылды» бейнекамералар 4 ЖЖЕ бұзушылығын тіркеді
Жыл басынан Петропавлда «ақылды» бейнекамералар төрт ЖЖЕ бұзушылығын тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл полицейлері қала жолдарындағы жағдайларға алаңдауда. Апаттылықты азайту мен жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту үшін жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Жүргізушілерді тәртіпке шақыратын тиімді құралы – интеллектуалдық бақылау жүйесі деп аталатын – бұзушылықтарды фото- және бейне тіркейтін автоматты жүйе болып табылады. Облыс орталығында адамдар мен көлік қозғалысы жиі жеті қиылыста орнатылған. «ИНТЕГРА» жүйесі бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту мен Абай-Н.Назарбаев, Интернациональная-Жамбыл және Интернациональная-Астана көшелерінің қиылысындағы тоқта сызығынан шығып кетуді тіркейтін 24 камерадан тұрады. «МИРАЖ» құрама жүйесіндегі 16 камера Жамбыл-Партизан, Ғ.Мүсірепов-Жамбыл, Н.Назарбаев-Интернациональная мен Жамбыл-К.Сүтішев көшелерінің қиылыстарын бақылауда ұстап, жылдамдық режимін сақтамауды тіркейді.
– Көше қиылыстары жол-көлік желісінің апаттық аса қауіпті учаскелердің бірі болып табылады, — дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов. — Ағымдағы жылдың сегіз айында бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықталған жеті көше қиылысында 4121 бұзушылық тіркелді. Жүргізушілерден жолда сақ болуды және жол жүрісі ережелерін талаптарын ұстануды сұраймыз.