Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан Қызылорда облысының бас полицейі 77 азаматты қабылдады

Жыл басынан Қызылорда облысының бас полицейі 77 азаматты қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтардың құқықтарын қорғап, олардың өтініштері мен ұсыныс – пікірлерін жедел және сапалы қарау мәселесі полиция қызметіндегі маңызды бағыт.

Халықпен өзара іс-қимыл жасасуды және полиция қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре тұрақты түрде азаматтарды жеке қабылдау өткізуде. Жұртшылықтың ішкі істер органдарына сенімділік деңгейін көтеру мақсатында тұрғындармен кері байланыс орнатуда. Жыл басынан Қызылорда облысының бас полицейі 77 азаматты жеке қабылдады.

Ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу, қылмыстық істерді тергеу барысы және де көптеген полиция қызметіне қатысты сұрақтар түсіп жатады.

Сұлтан Бектөре шағым, ұсыныстарымен келген тұрғындарды мұқият тыңдап, заң аясында кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әр сауалды назарға алып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін сала басшыларына нақты тапсырмалар береді.

Жалпы, жыл басынан Қызылорда облысы Полиция департаментіне 2500-ге жуық өтініш келіп түсті. Өтініш-тілектердің басым бөлігі оң шешімін тауып, қанағаттандырылды. Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре азаматтарды жеке қабылдауды жалғастыруда.

Жеке қабылдауға алдын ала 8 (7242) 29-56-87 телефон арқылы жазылуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру