Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан СҚО полицейлері діни заңнаманы бұзудың 3 фактісін тіркеді

Жыл басынан СҚО полицейлері діни заңнаманы бұзудың үш фактісін тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы медиафайлдарды таратудың екі фактісін тіркеді. Олар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы (Қазақстан Республикасының діни қызмет туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

Бұдан бөлек, экстремистік сипаттағы материалдарды таратудың бір фактісі анықталды. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК 453-бабы бойынша айыппұл салынады. Аталған материалдар бойынша сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

– СҚО полицейлері облыс тұрғындарына діни мазмұндағы материалдарды тарату ережелерін еске салады. Интернет-ресурстарын қолдану қарым-қатынас жасауды және ақпаратпен алмасуды жеңілдете түсті. Мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде ақпараттарды қайта жолдау әдеттегі іске айналды. Алайда заңнама талаптарына сәйкес діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды діни ғимараттарда, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген стационарлық үй-жайларда ғана таратуға болатынын білген жөн. СҚО аумағында осындай арнайы 16 дүкен жұмыс істейді, – дейді СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру