Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан СҚО полицейлері тұрмыс саласында 350-ден астам құқық бұзушылық анықтады

Жыл басынан СҚО полицейлері тұрмыс саласында 350-ден астам құқық бұзушылық анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау – полиция жұмысындағы өзекті міндеттердің бірі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында қоғамда, әсіресе отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында зорлық-зомбылықты азайту қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы әйелдер мен балаларға қарсы қылмыс жасағаны үшін жазаны қатайтуды ұсынды.

– Қазіргі қоғамда мәселені шешуге бағытталған құралдар баршылық.Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша учаскелік полиция инспекторлары қорғау ұйғарымдарын шығарады, сотпен құқық бұзушылардың жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленеді. Бұндай құжаттардың орындалуы қадағаланады, орындалмаған жағдайда жаза қолданады, бұл шараның тиімділігін арттырады. Мас жанжалқорлар әкімшілік материал сотқа тапсырылғанға дейін уақытша оқшауланады. Бұл оларға әрекеттерін ой елегінен өткізуге уақыт береді. Үй-үйді тексеру және арнайы акциялар барысында БАҚ-та және әлеуметтік желілерде профилактикалық жұмыс жүргізіледі. СҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық және құқықтық қолдау мәселелерін шешуге Әйелдерді қолдау орталығының мамандары көмек көрсетеді. Өкінішке орай, жанжалқорлардан зәбір көргендер мәселені сыртқа шығармай, ұрыс-керісті, соққыға жығылуын, қорлықты кешіреді. Алайда жанжалқорлардың жазасыздығы зорлық-зомбылықтың күшеюіне алып келеді, – деді СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Мәселен, 62 жастағы қала тұрғыны да полицияға жүгінбеген, онымен бірге тұратын ер адам бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылық, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішкені үшін жазаға тартылған болатын. Қаңтар айында олардың арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды. Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілді. Сот ер адамға төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұл тіркелген жалғыз жағдай емес. Жыл басынан Петропавлда әйелдерге қатысты жасалған алты қылмыс тіркелді. Бұл ауыр және орташа деңгейде дене жарақаттарын келтіру фактілері. Қанат Айтбаевтың айтуынша, түсіндіру-профилактикалық жұмысты жалғастыруымен қатар, жауапкершілікті заңмен қатаңдату отбасыларда зорлық-зомбылықты жою үшін маңызды қадам.

Жалпы қаңтар айынан облыс полицейлерімен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық фактілері бойынша 352 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру