Жыл соңында солтүстікқазақстандық полиция қатары 91 жас офицер және сержантпен толықты
СҚО-да биылғы Жаңа жыл полиция майорының қызметіндегі соңғы күні, ал ұлы үшін қызметке алғашқы түскен күні болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл соңында солтүстікқазақстандық полиция қатары 91 жас офицер және сержантпен толықты. 2020 жылдың соңғы бұйрығымен құқықтық тәртіп органдарымен өз өмірін байланыстыруға шешім қабылдаған 15 маман лауазымға тағайындалды. Жаңа жыл қарсаңында солтүстікқазақстандық сегіз офицер құрметті еңбек демалысына шықты. Ал Уәлиханов ауданындағы Оразовтар отбасы үшін өтіп бара жатқан жылдың соңғы бұйрығы қос қуанышқа себеп болды. Полиция майоры Қалқаман Оразов құқықтық тәртіп органдарында 27 жыл қызмет атқарды, 2020 жылдың 30 желтоқсанында зейнетке шыға отырып, бұл күні қызметке алғаш кіріскен ұлына офицер погонын табыс етті.
Патрульдік полиция батальонының қызмет аға инспекторы нысанды киімге әрқашан ерекше құрметпен қарап, офицер атағын мақтанышпен алып жүрді. Кезекті атағын ала отыра, Қалқаман Ермекұлы погондарын өзінен кейінгі әріптестеріне табыс еткен, ал майор шеніндегі соңғы погонын ұлына қалдырды. Ол екі ұлының әке жолын жалғауын армандаған. Үлкен ұлы Олжас «заңтану» мамандығы бойынша университетті аяқтап, аудандық полиция бөліміне тергеуші лауазымына тағайындалған, кенже ұлы Алмат алдағы жылы ҚР ІІМ жоғарғы оқу орнына түсуді жоспарлап отыр.
– Мен, өз ұлдарыма көкейдегі ойларыңа қарамастан, «өзің дұрыс деп шешім қабылдаған, жүрегің қалаған жолды таңда» деуші едім. Әкем бұл өсиетті үнемі айтып отыратын, – дейді Қалқаман Оразов.
Биылғы Жаңа жылды соңғы 27 жыл ішінде алғаш рет офицер Оразов, 1 қаңтар кезекшілікке еш асықпайтынын сезініп, отбасымен қарсы алады. Қаңтардың алғашқы күндерінен жас тергеуші Оразов қызметке кірісіп, әке жолын жалғайды.