Жылқысы табылған тұрғын алғысын білдірді
Қостанай облысының тұрғыны Кенжебек Ахметов жылқысын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 19 қарашасында Амангелді ауылының тұрғыны Кенжебек Ахметов аудандық полиция бөліміне ауладан жылқысының жоғалғаны туралы хабарлап, көмек сұраған.
Тәртіп сақшылары жоғалған жылқыны іздеу бойынша шаралар қабылдады. Нәтижесіне жоғалған жылқыны учаскелік полиция инспекторы Нұрдәулет Ізтелеуов 2 желтоқсанда Ағайдар ауылының маңынан тауып, иесіне қайтарды. Жоғалған малы табылған Кенжебек Ахметов полицейлерге алғысын білдірді.