Жылыойда жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны 57,1 %-ға төмендеді
Жылыойлық полицейлер жыл басынан бері түрлі құқық бұзушылық жасаған 600-ге жуық жасөспірімді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жылыой ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен 10 айда аудан көлемінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жүргізілген іс-шаралар барысында полиция бөліміне әртүрлі құқық бұзушылық жасағандары үшін 600-ге жуық жасөспірім жеткізілді. Олардың ішінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүргені үшін 537 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нәтижесінде, аталған мерзімде жасөспірімдермен жасалған қылмыс саны 57,1 %-ға төмендеді.