Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жылыойлық учаскелік полиция инспекторы қарияның үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Жылыойлық учаскелік полиция инспекторы қарияның үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылының 60 жастағы тұрғыны Жауымбай Мұшақұлов әкесінің үйіне белгісіз біреу терезесін сындырып кіріп, құны 200 мың теңгеге жуық қажетті тұрмыстық заттарын ұрлап кеткендігі туралы хабарлама берген. Алайда сол әкімшілік аумаққа жауапты учаскелік инспектор еңбек демалысында болса да, қылмысты ашуға жұмыстанған. Нәтижесінде күдікті 34 жастағы сол ауылдың тұрғынын анықтап, ұрланған заттарды иесіне қайтарып берген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, Нұрғиса Жамалбеков – Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылының учаскелік полиция инспекторы. Осы қызметте 10 жылдан бері еңбек етіп келеді.

– Еңбек демалысында жүрсе де, менің арызымды қарап, көмекке келген Нұрғиса Жамалбековке рақмет айтамын. Осындай инспекторлар бар кезде қауіпсіздігімізге алаңдамасақ болады. Тұрғындармен жақсы қарым-қатынас жасайтын мемлекеттік қызметші – біздің елдің дамуына себепші, – деді Шоқпатоғай ауылының тұрғыны Жауымбай Мұшақұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру