Жылыту маусымына сақтық шаралары басталды
Жамбыл облысында жылыту маусымына сақтық шаралары жүргізілуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Жылыту мезгілінің басталысымен тұрмыстық өрт тұрғын үйлерде және пәтерлерде ауқымданады. Жылу жүйесі мен құрылғыларының пайдалану, электр жүйесіне шамадан тыс ауыртпашылық түсу кезінде өрт қауіпсіздігінің бұзылуы және қарапайым немқұрайлық тілсіз жаудың негізгі себептердің бірі болып табылады. Көбінесе жөндеуден өтпеген ескі үйлердің пештері мен электр жүйесінің жануы байқалады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында-жылыту маусымында газ және электр құралдарын пайдалану кезінде Жамбыл облысы Төтенше жағдай департаменті Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы, Жамбыл облысы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ қызметкерлері, «КазТрансГазАймақ» АҚ ЖПФ мамандары және Жамбыл облысы «Жас Отан»
жастар қанаты еріктілерымен бірлесе отырып 2020 жылдың 15 ақпанында «Өрт қаупісіздігі сенбілігі» коп қабатты тұрғын үйлерде өткізілді. Осындай жағдайларды болдырмау үшін «өрт» деген тілсіз жаудың алдын алуға болады.
Ол үшін алдын ала қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтаған жөн.
Пәтерлер мен тұрғын үй бөлмелерінде:
– тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, газ баллондарды балкондар мен лоджияларда сақтауға;
– төсек-орында шылым шегуге;
– плитада дайындалып жатқан тамақты қараусыз қалдыруға;
– газ өткізгіштерден, газ баллондардан және қатып қалған құбырларды өқыздыру аспаптарынан, газдың ағуын байқау үшін ашық отты пайдалануға жол берілмейді;
– балкондар және лоджиялардан темекі тұқылын лақтыруға;
– тұрғын үй пәтерлері мен жатахана бөлмелерінде жарылыс, өрт қауіпі заттар мен материалдар қолданылатын және сақталатын әр түрлі шеберханалық және қоймалық үй-жайларды орнатуға, оларды басқа мақсаттағы үй-жайлар үшін жалға беруге жол берілмейді.
Өрт немесе түтін болған жағдайда «101» немесе «112» нөміріне хабарлап, тура мекен-жайды сілтеу қажет. Өртке қарсы қызметкерлері келгенге дейін, адамдарды қауіпсіз жерге көшіп, қоласты құралдарымен (су, құм, өрт сөндіргіш) өртті сөндіру шараларын ұйымдастыру керек. Отты қатты матамен немесе жамылғылармен ұрмай, жауып қалған дұрыс. Электр сымдарының жануы кезінде алдымен түгелдей электр жүйесін өшіру қажет.